Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да үш күнде 1,3 рет жол ережесі бұзылған

2021 жылдың 20 мамыр 2021 21:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Қаупсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының үш күнінде жол ережесін бұзудың 1358 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда петропавлдықтар жиі жіберетін құқық бұзушылықтардың бірі – бағдаршамның қызыл түсіне өту. Жүргіншілерге жол бермеу, солға бұрылуда жол ережесіне бағынбау, жолдың қарсы бетіне шығу – көп жағдайда жол тәртібінің бұзылуына алып келеді.

Петропавлдың 44 жастағы тұрғыны түс кезінде «Ассорти» базарының маңында «SsangYong» көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Мұны автопатруль байқап қалып, ер адам әкімшілік жауапқа тартылды.

«Жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізудегі мақсат – жолдарда көлік жүргізу мәдениетін және жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру. Бұл әсіресе, балалардың жазғы демалысы қарсаңында аса маңызды. Акцияның үш күнінде жол ережесін бұзудың 1358 дерегі анықталды. Көлік жүргізушілердің 16-сы жүргіншілер өткелінде оларға жол бермеген. 33-і бағдаршамның қызыл түсіне өткен. 38 жүргізуші маневр жасау ережесін бұзды. Ал 27 адам рульге мас күйде отырған», - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Жоғары қарай