Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да үй өртеніп, 3 адамды күйік шалды

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 23:12

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында тұрғын үй өртеніп, 3 адам ауыр күйік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйек күні сағат 16.51 минутта Жамбыл ауданы Пресновка селосындағы өрт сөндіру қызметіне Благовещенка ауылындағы Мұқанов көшесі, 10 мекенжайы бойынша жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түседі.

Оқиға орнына мамандар жеткенде жалын екі пәтерлі тұрғын үйдің кіреберісін шарпып, сондай-ақ шатырдан да қара түтін шығып жатқан.

Өрттің салдарынан үш адам зардап шегіп, түрлі дәрежедегі ауыр күйік алды. 29 жастағы ер адамның 20-29%, оның 29 жастағы әйелінің 40-49%, олардың 5 жасар балаларының 40-49% денелері күйіп қалған. Барлығы ауыр халде аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға мамандарға «Атамекен-Агро» ЖШС ерікті өрт сөндірушілері көмектесті. Нәтижесінде өрт жарты сағаттың ішінде толықтай сөндіріліп, екі пәтерлі үйдің бір жағы және қора-қопсысы аман қалды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталып жатыр.


Жоғары қарай