Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жабайы үйректерден құс тұмауы анықталды

2021 жылдың 21 маусым 2021 20:44

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жабайы үйректерден құс тұмауы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өлген құсты жергілікті тұрғындар тапқан. Ветеринариялық қызметтің қызметкерлері талдау жасау және құстың қырылу себебін анықтау мақсатында биологиялық материалды жинаған.

Ветеринария басқармасының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген зерттеудің хаттамасына сәйкес, өлген үйректерде құс тұмауы болған.

Бұл ауданда үй құстарының құс тұмауын жұқтыру оқиғасы тіркелмеген. Су қоймасының маңында орналасқан елді мекендерде құстарды вакциналау жүргізілуде. Қазіргі кезде 5,7 мың құсқа екпе салынған.

Жағдайды мал дәрігерлері мен мүдделі ведомстволар қадағалап отыр, жергілікті тұрғындармен байланыс орнатылған. Жабайы өзге құстардың қырылуы тіркелмеген.

Еске сала кетейік, өткен күзде өңірде жеке үйлер мен құс фабрикаларында құс тұмауы өршіген болатын. Құс фабрикалары тек жақында ғана жұмыртқа өндірісінің көлемін арттыра бастады.


Жоғары қарай