Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жаңадан COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызында ауру белгілері бар

2021 жылдың 15 қазан 2021 14:42

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 157 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірде коронавирус инфекциясының таралуы және вакцинация барысы бойынша ағымдағы жағдай туралы баспасөз конференциясы өтті.

СҚО санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, өңірде эпидемиологиялық ағдай тұрақсыз, ауырғандар саны қайта артып келеді. Өткен тәулікте жаңа 157 жағдай тіркелсе, соның 89%-ында қауіпті инфекцияны жұқтырғандарда ауру белгілері болған.

«Петропавлда 43 адам, Қызылжар ауданында 29 адам, Айыртау ауданында - 18, М.Жұмабаев ауданында - 16, Шал ақында – 11, Жамбылда – 10 адам ауырса, қалғандарында оннан төмен. 1-14 қазан аралығында 1622 жағдай тіркелді. Оның алдындағы екі апталық кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен, яғни 1054-тен 1622-ге дейін», - дейді Арман Күшбасов.

2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 13 қазанына дейін шекаралық бақылау пункттері арқылы Ресеймен шекаралас автомобиль жолдарымен 275 411 адам келді. Оның ішінде 143 146 жүргіншінің ПТР-ға анықтамалары болған. Қазақстанның 5590 азаматы - жаяу жүргіншілер анықтамасыз келді және COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды.

Олардың 315-інде тест оң нәтиже көрсетті. Нәтижесінде 41 адам инфекциялық стационарға орналастырылды және 274 адам амбулаториялық емделуге жіберілді. 1496 шетел азаматына елге кіруге тыйым салынды, өйткені олардың қолында жарамды ПТР-тесттің нәтижесі болмаған.

«Коронавирусты жұқтырушылар санының артуына шектеу шараларының жеңілдеуі және тұрғындар тәртібінің төмендеуі себеп. Вирус ешқайда кеткен жоқ, ол көбіне вакцинацияланбағандарға жұғып жатыр. Сондықтан шектеу шараларын күшейтуге мәжбүр болдық. Сіздерден масканы дұрыс киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтап, әлеуметтік байланыстарды азайтуды, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды және вакцина алуды сұраймыз», - дейді Арман Күшбасов.


Жоғары қарай