Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жазасын өтеп жатқан 15 адам орта мектепті бітірді

2021 жылдың 25 мамыр 2021 22:42

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар үшін де «соңғы қоңырау» соғылып, 15 сотталған орта білім алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕС-164/3,6 мекемелерінде «соңғы қоңырау» мерекесі өтті.

ЕС-164/6 әйелдер колониясында биыл 7 қыз-келіншек орта білім алып шықты.

Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды, қабырға газеті шығарылды.

«Менің тағдырым мен жоспарлағандай болмады. Түзу жолдан тайып, шалыс бастым. Енді соның жазасын өтеп жатырмын. Мен, тіпті мектеп те бітірмедім. Бірақ мекемеде маған білім алуға мүмкіндік берді. Одан әрі Петропавл кәсіптік колледжіне оқуға түскім келеді. Бостандыққа шыққаннан кейін ешкімге қол жаймай, мамандығым бойынша жұмыс істейтін боламын», - дейді сотталған О.

Мамандардың айтуынша, мекемедегі мектептің басқа білім ордаларынан айырмашылығы жоқ.

Бұл жерде де барлық пәндер бойынша сабақ оқытылып, үй тапсырмасы беріледі. Мектеп бітірушілер аттестат алады.

Жалпы биыл СҚО түзету мекемелерінде 15 сотталған, соның 8-і ер адам орта мектепті бітірді.








Жоғары қарай