Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жол апатына себепкер болған жылқының иесі қамалуы мүмкін

2021 жылдың 4 наурыз 2021 04:27

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Nissan Primera» көлігі жолға шығып кеткен жылқыны соқты, бәрі аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 3 наурыз күні Ақжар ауданында болған.

«Көкшетау-Омбы» республикалық автожолының 178 шақырымында «Nissan Primera» автокөлігінің 40 жастағы тұрғыны жолға шыққан жылқыны соғып кеткен.

Жылқы да, жүргізуші де аман, көлік зақымданды.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы барды. Жылқы ауыл тұрғындарының жылқысын бағатын жылқышыға, 40 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екен.

Ол «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзу» бабы бойынша материалдар жиналып, сотқа жолданды.

Осы бап бойынша тәртіп бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 3 тәулікке қамауға алынады.

«Бұрын бұл жылқышы бес рет мал бағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өткен жылдың қыркүйегінде осы адамның жауапсыздығы салдарынан жолда апат болды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері еркін мал жайылымына байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері ауданда бос жүрген малға қатысты 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Мал ұрлығы фактілері болған жоқ», - дейді Ақжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Махметов.


Жоғары қарай