Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жыл басынан 12 шетелдік елден шығарылды

2021 жылдың 23 мамыр 2021 18:58

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз жүрген 12 шетелдік елден шығарылды, заңнаманы бұзған 70 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 5 маусымда кейбір заңнамалық нормаларға мораторий аяқталатынын еске салады.

Былытыр Қазақстан Республикасында болуға рұқсат беретін құжаттың мерзімі өткен немесе 2021 жылдың 5 маусымына дейін аяқталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шығуына рұқсатты ұзарту туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік шекарадан өту кезінде олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Мерзім аяқталып келеді. Енді шетелдіктердің бұл санаты елде одан әрі болу үшін заңды негіз болмаған кезде өз мемлекетіне немесе тұрғылықты жеріне 5 маусымға дейін шығуы тиіс. Ал елде болу мерзімі өткен шетелдіктер, бірақ одан әрі болу үшін заңды негіздер болса, уақытша тұруға рұқсат немесе қажетті санаттағы виза ресімдеу арқылы заңды мәртебесін ретке келтіруі керек.

Отбасы Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа мемлекеттердің азаматтары өз елінен құжаттардың толық пакетін, оның ішінде соттылығының бар-жоғын растайтын анықтаманы ұсынуы қажет.

Қазақстан Республикасының аумағында 1 жылдан астам жүрген еңбек иммигрантына рұқсат беру және оны ұзарту туралы өтініш білдірген еңбек иммигранттары ел аумағынан кетуге тиіс, ал қайта кірген кезде олар алғашқы еңбек патенттерін тіркеуге және уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш беруі керек.

Іскери, жеке немесе туристік мақсаттарда болу мерзімін ұзартуға тыйым салынады.

«Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде бұзатын немесе елде ұзақ уақыт бойы заңсыз жүрген шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларды елден шығару мәселесін шешу үшін материалдар сотқа жіберіледі. 4 ай ішінде 12 шетелдік елден шығарылды, 70 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сұрақтарға жауапты аумақтық полиция бөлімдерінен немесе Петропавлда 8 (7152) 34-00-23 телефоны арқылы кеңес алуға болады», - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жалпы СҚО аумағында жыл басынан бері 1860-тан астам шетелдік тіркелген.


Жоғары қарай