Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жыл басынан 1200 еңбек мигранты жұмысқа орналасты

2020 жылдың 19 қазан 2020 10:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 1293 шетелдік азамат өңірде еңбек етуге рұқсат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ай бұрын өңірде еңбек мигранттарына рұқсат берудің жаңа форматы енгізілді. Енді облыс аумағында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін немесе мерзімін ұзарту үшін миграциялық қызметтің бөлімдеріне барудың қажеті жоқ. 14 қыркүйектен бастап бұл мемлекеттік қызметті барлық қалалық және аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсете бастады.

«Індетке байланысты жұмысты жаңаша құруға мәжбүр болдық. Бір айдың ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 95 патент берілді.

Жалпы жыл басынан 1293 шетелдік азамат өңір аумағында жұмыс істеуге рұқсат алды. ХҚО-ға белгілі формада толтырылған өтініш-сауалнаманы, жеке табыс салығын алдын ала төлеген түбіртек көшірмесі, мемлекеттік шекараны өтті деген белгісі бар жеке куәлігінің көшірмесі, ауырмайтындығы жөнінде медициналық анықтама, дактилоскопиядан өткендігі туралы анықтама, фото сурет пен медициналық сақтандырудың көшірмесін тапсыру қажет», -дейді СҚО ПД миграция қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілев.

Мамандардың айтуынша, СҚО-да еңбек етуге рұқсатты ең көп алған Өзбекстан азаматтары – 574 адам, Тәжікстанның 378 және Әзербайжанның 332 азаматы алған. Шетелдіктер көбіне үй жұмыстарына – бала күтуші, бағбан және қара жұмысшы болып орналасады және құрылыс жұмыстарына тартылуда.





Ал СҚО аумағында заңсыз жұмыс істегені үшін жыл басынан 65 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еңбек мигранттарын заңды бұза отырып жұмысқа тартқаны үшін Қазақстанның 21 азаматы жауап берді.





Жоғары қарай