Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жыл басынан бері 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды

2021 жылдың 15 маусым 2021 02:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер күнде ең кем дегенде 4 мас жүргізуші ұстайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда кешкі сағат 20.00 шамасында Крепостной және Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында «Toyota Camry» автомашинасы тоқтатылды.

Оның 39 жастағы жүргізушісінен спирттік ішімдіктің өткір иісі шығып тұрған.

Медициналық сараптама оның мас екенін растады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды.

Сот шешімімен келесі күні ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Оған ендігі жеті жыл көлік басқаруға тыйым салынды.

«Мас жүргізуші өзінікін ғана емес, басқа адамдардың да өмірін қатерге тігеді. СҚО-да 5 айдың ішінде спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушілердің кінәсінен екі адам қаза тауып, 15-сі жарақат алды. 17 мамырдан облыста «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Күніне кем дегенде осындай 4 факті анықталып жатады. Жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатқан төрт аптада облыс жолдарында 119 мас жүргізуші тоқтатылды», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Жыл басынан мас күйінде көлік басқарған 415 жүргізуші ұсталды.


Жоғары қарай