Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО диқандары жыл басынан 5 мыңға жуық техника сатып алды

2020 жылдың 5 тамыз 2020 01:52

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттен 51 млрд жуық теңге бөлінсе, 55 млрд астам теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімдігінің отырысы өтіп, күзгі орақ науқанына әзірлік пысықталды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны жаман емес. Мәселен, импортты алмастыру мақсатында қарақұмық алқабы 2,5 есе артып, 4,2 мың га жетсе, бұршақ алқабы биыл 41 мың га-дан 54 мың га дейін жетті.

«Жақсы нәтижеге ең алдымен мемлекет тарапынан жасалған күшті қолдаудың арқасында жетіп отырмыз. Соңғы үш жылда облыс 116 млрд теңгеге қаржыландырылса, биыл 48,4 млрд теңге бөлінді. Соның жартысына жуығы өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталды. Бұдан басқа салаға тартылған инвестиция соңғы 3 жылда 1,5 есе артып, 107,6 млрд жетті. Биыл жыл басынан 55,6 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл республикалық көлемнің төрттен бір бөлігі», - дейді Құмар Ақсақалов.

Диқандар техника мен технологияны да жаңартып жатыр. Бірер жыл бұрын егілетін бидайдың әр жиырмасыншы тоннасы ғана климатқа және түрлі өсімдік ауруларына төзімді элиталық тұқым болса, қазір бұл көрсеткіш екі есе қысқарған. Шаруалар жыл басынан 31,5 млрд теңгеге 1,5 мыңға жуық заманауи техника алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17% артық. Нәтижесінде жаңа астықтың 62% өнімділігі жоғары техникамен жиналмақ.

«Біздің ендігі мақсат –егінді шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алу. Әр ашық күнді тиімді пайдалану қажет. Іс өнімді болу үшін жұмысшылар ыстық аспен қамтылып, тиісті еңбекақыларын алуы тиіс. Жинап алған өнімді өткізуде мәселе болмауы тиіс. Өткен жылдың тәжірибесі бойынша биыл да әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы ұн сатып алып, әлеуметтік нан пісіретін кәсіпкерлерге арзан бағада сататын боламыз», - деді облыс әкімі.


Жоғары қарай