Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО кәсіпкері дәрігерлерге сыйақы беру үшін 2,5 млн теңге аударды

2020 жылдың 9 шілде 2020 10:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстант облысында жергілікті кәсіпкер көпсалалы облыстық ауруханаға 2,5 млн теңге қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтынбек Сапаров - меценат, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты.

Бизнесменнен түскен 2,5 млн теңге қаражат коронавирусты инфекциямен күресте жүрген мекеме қызметкерлерін ынталандырып, сыйақы беруге жұмсалмақ.

Маусым айында облыстық көпсалалы аурухананың терапевтік корпусы коронавирусты жұқтырған және пневмониямен ауырған науқастарды анықтау және емдеу үшін провизорлық стационарға қайта жабдықталған болатын.

«Осындай күрделі кезде біз қауіпті инфекциямен күресте бел шешпей жүрген жерлестерімізді қолдауымыз қажет. Медициналық көмек көрсететін біздің дәрігерлерімізге алғыс ретінде, оларды ынталандыру мақсатында қаржы бөлдік. Отбасынан алшақ, тәулік бойғы еңбегі үшін оларға рахмет айамын. Қазіргі жағдай қиын, бірақ ештеңе мәңгі емес, бұл ауыртпалықтан да аман-есен өтеміз деп сенемін», - деді «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Алтынбек Сапаров.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 1400-ден асты. Өңірдің инфекциялық және провизорлық стационарларында сырқаттарға арналған жатын орындар жеткілікті.


Жоғары қарай