Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

СҚО кәсіпкерлері дәрігерлерге арнайы қорғаныс киімдерін сатып алып берді

2020 жылдың 25 сәуір 2020 13:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер жергілікті дәрігерлерге қорғаныс киімдерін сатып алып беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, обаға қарсы көп рет киілетін 20 костюм, 20 қорғану көзілдірігі және 40 респиратор сатып алынған. Қорғаныс құралдары бірінші қалалық аурухананың қызметкерлеріне берілді.

«Аймақтық палата кеңесі мүшелерінің бастамасымен жарты миллионнан астам теңгеге жеке қорғану құралдары сатып алынған. Қасиетті Рамазан айында игі істер көп жасалатынына сенемін», - деді аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев.

Бұған дейін «Есіл-Диагностик» ЖШС офтальмологиялық орталығы бірінші қалалық аурухананың дәрігерлері үшін 1 млн теңгеге қорғану киімдерін сатып алған. Компанияның қазіргі кезде шығыны көп болғанына қарамастан, ол коронавирус індетімен күресіп жүрген дәрігерлерге көмектесуге ниет білдірген. Компания аурухана ұжымына бірнеше рет киюге болатын Түркияда тігілген 100-ге жуық қорғану костюмін беріп жіберді.


Жоғары қарай