Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-ның барлық аудан орталықтарында хоккей корты ашылады

2021 жылдың 11 наурыз 2021 09:53

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Булаево қаласында «Жастар» хоккей корты пайдалануға берілді. Бұл – өңірде биыл ашылып отырған осымен үшінші спорт нысаны, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысты. Өңір басшысының айтуынша, мұндай заманауи хоккей корттары барлық аудан орталықтарында ашылмақ.

Бұл өңірде хоккейді жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.




Булаевтағы жаңа «Жастар» хоккей корты «Батыр Баян» спорттық-сауықтыру орталығы мен жаңа стадионның жанында орналасқан.

«Қыс мезгілінде біз аудандарда үшінші хоккей кортын ашып отырмыз. Новоишимка мен Мамлюткадан кейін эстафетаны Булаево қабылдап алды. Кешенде ауданның 120 тұрғыны спортпен айналысады. Жаңа кортта хоккей секциясына тағы 100 адам тартылмақ. Шорт-трек үйірмесін де ашу жоспарланған.




Тағы 2 хоккей кортының құрылысы жалғасып жатыр. Биыл хоккей орталықтарының желісі айтарлықтай өседі. Тағы 7 хоккей кортын салынады, Оған қажет қаражат бюджетке қарастырылған. Осылайша, хоккей кешендері бүкіл облыс бойынша жұмыс істейді», - деді Құмар Ақсақалов.

Қазір СҚО-да 2 891 спорт нысандары бар.

Былтыр ғимараттарды жөндеуге 2 есе көп қаражат жұмсалды.

Жалпы бұл салаға былтыр 6,1 млрд теңге жұмсалса, биыл ол 18,2 %-ға артқан.








Жоғары қарай