Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-ның үш ауданында шаңды дауыл соқты

2021 жылдың 18 мамыр 2021 17:11

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында ауа райының қауіпті құбылысы – шаңды дауыл соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Тайынша ауданында екпіні секундына 33 метрге дейін жететін дауыл тұрған. Көптен жаңбыр жаумағандықтан қатты жел шаңды көтеріп, көру мүмкіндігі 500 метр радиуста шектелді.

«Бұл кенеттен туындайтын гидрометеорологиялық құбылыс, ауа массасы ауысқан кезде және температура өзгергенде пайда болады. Талшық елді мекенінде орналасқан автоматтандырылған метестансасында да шаңды дауыл тіркелді. Ол ауылда желдің екпіні секундына 24 метрге дейін жеткен. Бұл ауа райының қауіпті құбылысына жатады», - дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Дәл осындай дауыл Уәлиханов ауданының Кішкенекөл елді мекенінде де байқалды. Ол жерде желдің екпіні секундына 17 метр болған.



Жоғары қарай