Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО онкология орталығында заманауи МРТ аппараты іске қосылды

2021 жылдың 27 мамыр 2021 21:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы онкологиялық орталықта тәулік бойы жұмыс істейтін МРТ аппараты іске қосылды. Бұл медициналық қызмет сапасын арттырып, кезек күткендердің санын қысқартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО көпбейінді аурухананың онкологиялық орталығына Францияда жасалған заманауи МРТ аппараты қойылды. Инвестор – «Zein Invest» ЖШС. Инвестициялық жоба – 602 млн теңге тұрады.

«Біз өз тарапымыздан ғимарат беріп, техникалық жағдай жасадық. Олардың тұрғындарға тексеруге жұмсаған барлық шығынының орнын толтырамыз. Алдағы 3-4 аптада облыстық ауруханаға кезекті 70 пайызға азайтамыз. Қазір кезек 2,5 айға бұрын жазылған», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағанов.

Жаңа қондырғы тәулік бойы таңғы сағат 8.00-ден таңғы сағат 5.00-ге дейін үш ауысымда жұмыс істемек.

«Бұл - соңғы екі жылда іске қосылған екінші қондырғы. Қазір өңірде 3 МРТ аппараты жұмыс істейді. Стандартқа сәйкес бір МРТ қондырғысы 100 мың тұрғынға қызмет көрсетуі тиіс. Облысқа 5 аппарат қажет. Өңірдің жаңадан қабылданған кешенді жоспарына сәйкес қаражат бөлініп жатыр. Келесі жылы тағы да екі жаңа МРТ аппараты алынады», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.




Өңір басшысының айтуынша, медицина саласына бөлінетін қаражаттың көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Соңғы үш жылда денсаулық сақтауға 10 млрд теңге шамасында қаржы жұмсалды.

«Биыл қажетті қондырғыларды алуға 3 млрд теңге бөлінді. Екі компьютерлік томограф алынады. Оның біреуі көпсалалы облыстық ауруханаға, екінші облыстық балалар аурухаасына қойылады.

Былтыр 23 медициналық нысан жөнделді, биыл олардың қатарына 8-і қосылады. Қосымша кадр жетіспеушілігі мәселесін шешуіміз қажет. Өңірге 128 дәрігер келеді деген жоспар бар. Оларға 2,5 млн теңгеден көтермеақы беруге бюджеттен қаражат бөлдік», - деді Құмар Ақсақалов.





Жоғары қарай