Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО полицейлері көлігімен жолда қалған Түркия азаматына көмектесті

2021 жылдың 28 ақпан 2021 21:12

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында еліне зығыр апара жатқан Түркия азаматы жүк көлігімен жолда қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мамлютка-Қостанай тасжолының Жамбыл ауданы орталығы Пресновка жанында жол жиегінде тұрған «Volvo» ауыр жүк көлігін байқайды.

Жүргізуші Түркия азаматы телефонындағы онлайн-аудармашының көмегімен тілдескен. Жүк көлігінің жүргізушісі отанына Петропавлдан 20 тонна зығыр апара жатқанын түсіндірген. Жолда көліктің ауа сүзгісі істен шыққан. Аязда не істерін білмей тұрғанда полицейлер көмекке келген. Олар бөлшекті суретке түсіріп, Петропавлдағы таныстарына жолдайды. Олар такси жүргізушісінен жаңа сүзгіні беріп жіберген.

Түркия азаматын полицейлердің өтініші бойынша оқиға орнына келген ТЖ қызметкерлері қонақ үйге апарды, ал тәртіп сақшылары түні бойы жүк көлігін күзетті. Келесі күні таңертең шетелдікке көлігін жөндеуге көмектесті.

«Мен қанша жолда жүрсем де, мұндай полиция қызметкерлерін ешқашан кездестірмедім, тез көмекке келеді деп күтпеген де едім. Шексіз алғыс білдіремін!» - деді жолын жалғастырған шетелдік.


Жоғары қарай