Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО жолдарында балалар жапа шеккен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді

2021 жылдың 15 сәуір 2021 14:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл балалар жапа шеккен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Facebook және Instagram-дағы ведомстволық аккаунттарында онлайн-брифинг ұйымдастырып, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуды мақсат етті. Бұл тақырып күн жылысымен әсіресе өзекті. Өйткені балалар бос уақыттарының көбін көшеде өткізеді.

Полицияның аға инспекторы Азамат Жамұқовтың айтуынша, осы жылдың үш айында облыс жолдарында балалар жапа шеккен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 8 адам жарақаттанды. Осыған орай жазғы демалыс қарсаңында полицейлер ата-аналарды және педагогтерді балалармен әңгіме жүргізуге шақырады. Тәртіп сақшылары өздері де сынып сағаттарын өткізіп, мектептегі тақырыптық стендтерді назардан тыс қалдырмайды. «Жол қозғалысының жас инспекторы» жасағының жұмысына жетекшілік жүргізеді. Айта кететіні, облыста 280 астам осындай жасақ жұмыс істейді, бұндай жасақтардың құрамында 4310 оқушы бар.

Әлеуметтік желілердің қолданушылары көкейлеріндегі сұрақтарын қойды: велосипед тепкен кезде каска мен тізеқапты кию міндетті ме, түрлі көлік маркаларына балалар креслосын қалай орнату қажет, жол белгілерінің салынуы.

Сондай-ақ, онлайн-брифинг барысында ПД Штабы бастығының орынбасары Сергей Погосский ведомствоның өткен аптадағы жедел-қызметтік жұмысын қорытындылады. 212 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Қылмысты ашу деңгейі 86 % құраған. Облыс жолдарында 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 3 адам жарақаттанды. Жол қозғалысы ережелерінің 1880 бұзушылығы анықталған, оның 99-ы белгіленген жылдамдықты асыру. Бір апта ішінде көлікті мас күйде тізгіндеген 13 адам ұсталды.


Жоғары қарай