Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Солтүстік Қазақстан облысында 47 медициналық нысан салынады

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 47 медициналық нысан салынады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облысты әлеуметтік салаға көп қаржы бағытталуда. Биыл 4 миллиард теңгеге 52 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтті. Заманауи зертханалары бар оқу-зертхана ғимаратының құрылысы жалғасуда. Әскери институтқа да жаңа ғимараттар салынуда. Әлемдегі ең үздік университеттердің бірі – Аризона университетімен келіссөздер жүргізілді. Солтүстікқазақстандық студенттер америкалық университеттің цифрлық білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Қос дипломдық білім беруді енгізу жоспарлануда», - деді ол.

Облыс басшысының атап өтуінше, денсаулық сақтау саласында ауруханалар заманауи МРТ, КТ, ангиограф және рентген аппараттарымен жабдықталған. Заманауи көп салалы аурухана салынуда. «Береке» және «Жас өркен» шағын аудандарында жаңа емханалар пайда болады. Ауылдық жерлерде 47 медициналық нысанның құрылысы басталады.

«Елбасының тапсырмасымен облыста мемлекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асырылуда. Облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Бүгінде 2 100 бала түрлі спорт түрлерімен тегін айналысады. Облыста спорт инфрақұрылымы дамып келеді. Қазір 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр, екі хоккей корты ашылады», - деді Құмар Ақсақалов.


Жоғары қарай