Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Солтүстік Қазақстан облысында үш бала COVID-19 жұқтырды

2020 жылдың 14 маусым 2020 12:21

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы тағы екі ауданда тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел штабтың мәліметінше, ПТР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы 1970 жылғы екі әйелде, сондай-ақ 1987 жылы туған әйелде, 1944, 1982, 1987, 1992, 1994, 1995 жылы туған ер адамдарда және 14 жасқа дейінгі үш балада расталды.

8 жағдай - Петропавл қаласында, 2 - Қызылжар, 1 - Аққайың, 1 - Шал ақын аудандарында тіркелді. Қауіпті індетті жұқтырғандардың екеуі бұған дейін науқастармен байланыста болған. Зертханалық талдау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2 тұрғыннан және бір жағдайда эпид қадағалау мақсатында алынды.

Ал 9 тұрғын жалпы денсаулық жағдайына шағымдармен медициналық мекемеге жүгінген. Барлығы ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдеріне жатқызылды. Бүгінде тиісті ем алып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

СҚО-да 13 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен жалпы 96 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 49.


Жоғары қарай