Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз үйінде қаза тапты

2021 жылдың 20 маусым 2021 14:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 9-да Бөркі ауылында тіркелген. Төсек, еден, үй заттары өртенген. Өрт 15 минуттан кейін сөндірілді.

«Өрт орнында үй иесі, 57 жастағы ер адамның денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі – отты дұрыс қолданбау, темекі шегу», – деп хабарлады баспасөз қызметі.




Жыл басынан бері облыста өрттен 32 адам, оның ішінде екі бала қайтыс боллды.

«Талдау көрсеткендей, өлім себебі – тұрмыстағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуден туындайды. Көп жағдайда өрт құрбандары мас болған», – деп толықтырды баспасөз қызметі.





Жоғары қарай