Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Солтүстік Қазақстанда егін орағы басталды

2020 жылдың 6 тамыз 2020 04:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында астық ору науқаны басталып, бұл жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астықты өңірде биыл күзгі орақ әдеттегіден ерте басталып отыр. Көктемнен басталған қарбаластың нәтижесі – бітік шыққан егін. Диқандарға енді осы байлықты бір дәнін шашау шығармай жинап алу міндеті тұр.

«Астықты уақтылы жинап алу үшін диқандар жаңа технологияларды қолданып, техниканы жаңартуда. Соңғы 3 жылда инвестиция көлемі 72 млрд теңгеден 107 млрд теңгеге дейін өсті. Биыл бұл салаға 55 млрд теңге тартылды», - деп жазды Құмар Ақсақалов facebook-тегі парақшасында.

Өңір басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты инвестиция тартумен қатар, мемлекет соңғы 3 жылда аграрлық салаға 116 млрд теңге бағыттады. Тек биылдың өзінде өңір диқандарына 48 млрд теңгеге көмек көрсетілді. Осындай қолдаудың арқасында диқандар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жақсы өнім ала алады.

СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл 4,2 млн га алқапқа дәнді дақыл себілсе, соның 2,8 млн га бидай.

Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында көктемде 932 мың га немесе барлық егістіктің 22 % майлы дақыл себілді. Сондай-ақ 353 га жемшөптік дақыл, 34 мың га картоп және 6 мың га көкөніс егілді.

Бұдан бұрын СҚО диқандары өнім сапасын арттыру үшін өздері сұйық тыңайтқыш шығаратын шағын зауыттарды ашып жатқанын айтқан едік.

Сондай-ақ биылғы егін орағына 5 мыңға жуық су жаңа заманауи техника шықпақ.




Жоғары қарай