Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Солтүстік Қазақстанның Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылдың 3 шілде 2020 12:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданына Қайрат Пішенбаев әкім болып тағайындалды. Жаңа жетекшіні бүгін аудан активіне өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Сәкенұлы Пішенбаев 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі М.Жұмабаев ауданы Ворошилов ауылында дүниеге келді.

1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдады.

Еңбек жолын 1979 жылы облыстағы Молодогвардейцев атындағы кеңшарда моторист болып бастады.

1995 жылға дейін квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді. Одан әрі он жыл бойы «Азық-түлік корпорациясы» жабық акционерлік қоғамында қызмет етті.

Әртүрлі уақытта Ақжар, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі болды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары болды.

Осы уақытқа дейін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Жоғары қарай