Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Соңғы ахуалдар елдегі макроэкономикалық жағдайды күрт нашарлатты - Қаржы агенттігі

2022 жылдың 14 мамыр 2022 05:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елдегі қаңтар оқиғасы, геосаяси шиеленіс және Батыстың Ресейге қарсы санкциялары салдарынан жыл басынан бергі макроэкономикалық жағдай күрт нашарлаған. Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған ахуалды жалпы экономикадағы қаржылық жағдайдың жай-күйін көрсететін және GaR үлгісі негізінде есептелетін FCI серпінінен де көруге болады. Мәселен, экономикалық өсімнің 2021 жылғы 4-тоқсандағы 4%-дан ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы 5,5%-ға дейін үдеуіне қарамастан, FCI жинақтау индексінің бағыты қатаңдату жағына қарай өзгерді. Алайда, қаржылық жағдайларды қатаңдату белгілі бір аралықпен экономикалық өсуге кері әсер ететінін атап өту қажет», - делінген ведомствоның жазбасында.

Сонымен қатар, сценарийлік талдау мұнай бағасын арттырудан болатын оң әсердің экономика үшін пайыздық мөлшерлеме «күйзелісінің» тежеу әсерінің орнын толтыратынын көрсеткен.


Басты сөздер: Экономика, Қаржы, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай