Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Соңғы айда коронавируспен сырқаттану деңгейі 2,4 есе азайды - Алексей Цой

2021 жылдың 23 қараша 2021 09:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы бір айда елдегі коронавируспен сырқаттану көрсеткіші 2,4 есе азайған. Дегенмен, екі облыс әлі «қызыл» аймақта қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай мәлімет берді.

«Әлемде КВИ-дің 258 милиионан астам жағдайы тіркелді. Тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеліп отыр. Бес миллионнан астам адам осы вирустан көз жұмды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағында аурудың өсуі жалғасуда. Қазақстан Республикасы және қалған 10 өңір «жасыл» аймақта орналасқан. 4 өңір – сары аймақта (Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Нұр-Сұлтан қаласы).

Қызыл аймақта 2 өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) қалып отыр», - деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойынша, елімізде коронавирустың репродуктивтілік саны 0,93 деңгейінде сақталып отыр.

«Жалпы, Қазақстанда соңғы айда сырқаттану 2,4 есе – айына 1866-дан 773 жағдайға дейін, стационарлардағы науқастар 1,4 есе – айына 8750-ден 6281 жағдайға дейін, амбулаториялық науқастар 1,8 есе – айына 42 119-дан 23 188 жағдайға дейін азайды.

Инфекциялық төсектердің жүктелімі – 30%, реанимациялық төсектердің жүктелімі – 25%», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай