Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сот сараптамасы істерінің бір бөлігін аутсорсингке беру жоспарлануда

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 14:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот сараптамасы істерінің бір бөлігін аутсорсингке беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот-сараптама қызметі саласында бәсекелестік ортаны ары қарай дамытуға бағытталған қадамдардың бірі – сот сараптамаларын аутсорсинг арқылы жүргізу», - деді А. Мадалиев.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қарашасынан Жоғарғы сотпен бірлесе Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында сот сараптамасы институттарында қанатқақты жоба іске асырылды. Бұл жоба соттармен бастапқы сот-құрылыс, тауартанушылық және экономикалық сараптамаларды жеке сот орындаушыларына тағайындауға қатысты.

«Бұл қадамдар атқарылған жұмыстың дұрыстығын көрсетті. Жеке сарапшылар мемлекеттік мамандарға бәсекелістік тудыруға қауқарлы болып отыр. Бұл өз кезегінде жеке сарапшыларды жұмыспен қамтуға, сондай-ақ жүктемені азайтып, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылы аутсорсингті Ішкі істер министрлігі желісі бойынша енгізу жоспарланып отыр.

Әділет министрлігінің мәліметінше, аутсорсингті енгізу бойынша бірлескен шаралар жоспары, аталған жұмысты атқару туралы Ішкі істер министрлігімен алдын ала уағдаластық қадамдары жүргізілген.


Жоғары қарай