Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сот шешімімен «Манчестер Сити» келер жылы Чемпиондар лигасына қатысатын болды

2020 жылдың 13 шілде 2020 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорт саласындағы арбитраж соты «Манчестер Сити» футбол клубының апелляциясын қанағаттандырып, еурокубоктарға қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды euronews.

Ағылшын клубы УЕФА шешіміне шағым білдірген еді. Еске салсақ, қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғаны үшін команда биылғы ақпанда екі жылға еурокубоктардан шеттетілген болатын.

«Манчестер Сити» бүгінгі шешімді қолдайды және осы арқылы клубтың ұстанымы мен біз ұсынған дәлелдер расталды деп санаймыз. Клуб процедураны тиісті тәртіппен жүргізген әрі еңбек еткен комиссия мүшелеріне алғыс айтады», - делінген футбол командасының ресми мәлімдемесінде.

CAS шешімінен кейін «Манчестер Сити» 2020/2021 жылғы футбол маусымында Чемпиондар лигасына қатыса алады. Қазір клуб Ағылшын премьер-лигасында екінші орында келеді (үшінші орындағы «Челсиден» 12 ұпайы артық).


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай