Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Созылмалы обструктивті өкпе ауруынан көз жұматындар саны 30% өсуі мүмкін

2019 жылдың 20 қараша 2019 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша қарашаның екінші немесе үшінші аптасының сәрсенбісінде әлемнің 50-ден астам елдерінде «Созылмалы обструктивті өкпе ауруына қарсы дүниежүзілік күрес күні» аталып өтеді, деп хабарайды ҚазАқпарат Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Созылмалы обструктивті өкпе ауруы туралы мәліметті халыққа жеткізу және пациенттерге көрсетілетін көмекті жақсарту бойынша Қазақстанда бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау мамандары медициналық зерттеулерді, профилактикалық және ақпараттық іс-шараларды, темекі шегуге қарсы күреске бағытталған әртүрлі акцияларды жүргізуде», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның кардиотерапия қызметінің басшысы Сәуле Қасенова.

Бұл күннің мақсаты – созылмалы обструктивті өкпе ауруы туралы халықты ақпараттандыру деңгейін көтеру, осы аурудың алдын алу және емдеу әдісімен таныстыру болып табылады.

«Созылмалы обструктивтік өкпе ауруы деген – өкпенің бұзылуына ықпал ететін бөлшектер мен газдарды жұту себебінен өкпенің созылмалы қабынуына әкелетін және дамитын ауру. Ентігу, жөтелу және қақыру осы дерттің белгілеріне жатады», - дейді профессор Сәуле Қасенова.

Дәрігерлердің болжамы бойынша, егер бұл аурудың алдын алу үшін жуық арада іс-шаралар қабылданбаса, онда аталған дерттен өлім-жітім саны он жыл ішінде 30% өсуі мүмкін.

«Аурудың негізгі себептеріне – шылым шегу, темекі түтіні, шаң, газ, түтін арқылы ауаның ластануы, кәсіпке байланысты келтірілетін залалдар жатады», - дейді маман.

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Медицина,
Жоғары қарай