Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

SpaceX компаниясы 60 интернет-байланыс спутнигін ұшырды

2019 жылдың 24 мамыр 2019 15:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Интернеттің әлемнің кез келген нүктесінде қолжетімді болатын уақыты келіп қалған сияқты. Бүгін түнде Илон Масктың Starlink жобасы адамзаттың осы мақсатқа жетуіне ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The New York Times сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні түнде SpaceX компаниясы Флорида штаты Канаверал мүйісінде АҚШ ӘҚК базасынан 60 интернет-байланыс спутнигі ұшырды. Бір сағат өткеннен кейін, Жерден 270 миль биіктікте Starlink спутниктер тобы оларды орбитаға жеткізген зымыраннан ажырады.

Илон Маск Twitter-дегі ресми аккаунтында спутниктер тобының сәтті ұшырылғанын растап, сурет жариялады.

Компанияның жоспарына сәйкес, келесі жылы Starlink жүздеген спутнигі Жердің үстіндегі «шоқжұлдызға» айналып, әлемнің кез келген нүктесінде интернетті қамтамасыз ететін болады. Спутниктердің әрқайсысы 500 фунтты құрайды. Олар тек күн батареясымен жұмыс істейді.

2015 жылы SpaceX компаниясы Starlink жобасын интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен жасады. Жоба аясында 11 мың спутник орналастырылады. Бұл жобаға 10 млрд АҚШ доллары жұмсалмақ.

Жоғары қарай