Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Спутниктік технологияларды дамыту үшін салық саласы оңтайландырылады

2021 жылдың 29 қазан 2021 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда нарыққа спутниктік технологияларды тарту үшін салық саласындағы реттеу оңтайландырылмақ. Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде қажетті заңнамалық жағдай жасау үшін нарықты салық саласындағы реттеуде оңтайландыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда Қазақстан нарығына байланыстың заманауи технологияларын кіргізуге екпін қойылады», - деді М. Олжабеков.

Оның айтуынша, Қазақстанда аталған салада соңғы буынды жүйе әзірленіп жатыр. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар кең жолақты спуниктік станцияларды легализациялауға қатысты болып тұр.

Вице-министр Қазақстанда 600-ден астам ауыл заманауи телекоммуникациялық технологиялармен қамтылмағаннын айтқан еді.

Сондықтан спутниктік байланыс шешімдері осы ауылдардың аумағын қамтуға мүмкіндік береді.

Бұрын хабарланғандай, елордада үшінші рет Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 28-29 қазан аралығында өтіп жатыр.

Биылғы форумның тақырыбы - Digital Era Lifestyle. Онда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, инновация және ғылым арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын ұсынды.


Жоғары қарай