Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

STOP трафик: Үш күнде адам саудасына қатысты 50 қылмыс анықталды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «STOP трафик» операциясы жүргізіліп, адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев айтып берді.

«Өткен аптада елімізде ауқымды «STOP трафик» операциясы жүргізілді және үш күнде полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмысты анықтады. Оның ішінде 1 факт кәмелет жасқа толмаған бала саудасы, 2 факт – адам саудасы, 3 факт – қара жұмыс пен сексуалдық құлдық үшін бас бостандығынан айыру, 6 факт – жезөкшелікке тарту жөнінде тіркелген. Ал жезөкшелік пен жеңгейтайлық орнын ұйымдастыру бойынша 40-қа жуық оқиға анықталды», - деді департамент басшысы министрлік ұйымдастырған апталық брифингте.

Одан бөлек, жезөкшелік пен жеңгейтайлық үшін қасақана мекеме ұсынылғаны үшін 14 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Ал қырындау мен тиісу бойынша 184 әкімшілік іс қозғалған.

Айта кетейік, Қазақстанда 1200 адам із-түссіз жоғалғандар санатында тұр.

Қазақстанда жыл сайын 80-ге жуық тұрғын адам саудасының құрбаны болады. Жыл сайын адам саудасына қатысты 180-ге жуық іс қозғалады. Мұндай қылмыс карантин кезінде де тіркелген.



Жоғары қарай