Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Страсбургте Еуропарламент төрағасы Д.Сассолиді еске алу рәсімі өтеді

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 09:32

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі, 17 қаңтар күні Францияның Страсбург қаласында Еуропалық парламент төрағасы Давид Сассолииді еске алу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Давид Сассоли 11 қаңтарға қараған түні 65 жасында қайтыс болды,

Еуропарламенттің Страсбургте өтетін алдағы пленарлық отырысында еуродепутатты еске алу рәсімі өтеді. Шара «Дэвид Мария Сассоли, Еуропалық парламент депутаты» атты қысқаметражды бейнеролик көрсетілімінен басталады. Одан кейін Италияның бұрынғы премьер-министрі мен Еуропарламент депутаты Энрико Летта сөз алып, артынан виолончелист Анна Гастинельдің орындауында музыкалық интерлюдия орындалады.

Шарада сондай-ақ Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель, Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен және Франция президенті

Эммануэль Макрон, Еуропарламент саяси топтары көшбасшыларының сөз сөйлеуі күтілуде. Шара соңында Еуропа әнұраны болған Людвиг ван Бетховеннің «Қуаныш мадақ өлеңі» шырқалады.

Қолданыстағы процедураларға сәйкес, Д.Сассолидің орнына Еуропарламентке бірінші вице-президент төрағалық етеді.

«Жаңа президент сайланған күнге дейінгі күндері уақытша төрағалықты бірінші вице-президент атқарады», - делінген Еуропарламент регламентінде.

Еуропарламент президентін сайлау заң шығарушы органның басым саяси топтары арасындағы саяси келісушіліктерге сәйкес әрбір екі жарым жыл сайын өтеді.

Автор: Арнұр Рахымбеков


Басты сөздер: Еуропа, Әлем,
Жоғары қарай