Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Студенттер шәкіртақысы 2 есе көбейеді - Президент

2020 жылдың 25 қараша 2020 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы студенттерге материалдық қолау көрсету ісі жалғаса беретінін баса айтты.

«Студенттер шәкіртақысы - 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы - 1,5 есе көбейеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай