Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Студенттерді жатақханаға кіргізу тәртібі қандай болады

2021 жылдың 20 тамыз 2021 19:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жатақханаларда дезинфекция жүргізуге ерекше назар аударылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылында университет студенттерін жатақханаға кіргізу тәртібіне қатысты сұрақ қойылды.

«Жатақханаларға арналған талаптар бар. Соның ішінде оларда Ashyq жобасын пайдалануға болады. Вакцина алған студенттерге басымдық беріледі. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық ережеге байланысты осы жатақханалардың ішінде тиісті іс-шаралар жүргізілуі керек. Яғни дезинфекция жүргізуге ерекше назар аударылған. Студенттердің арасында індет жұқтырғандарды анықтау, оларды оқшаулау тәртібі күшейтілді», - деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, ем-дом жасау тұрғысында бұл студенттер ауруханаларға жатқызылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатысады .

Сонымен қатар, мектепте Ashyq-пен оқушылар емес педагогтар мен техникалық персонал кіретіні айтылды .


Жоғары қарай