Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Су добы: Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада жолдамасына таласады

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 01:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Италияның Триест қаласында Токио олимпиадасына іріктеу турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойындар 19-24 қаңтар аралығында өткізіледі. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Грекия, Венгрия және Израиль құрамалары. Қазақстандық спортшылар 19 қаңтарда Грекиямен шеберлік байқасса, 20 қаңтарда Венгриямен ойнайды. Ал 21 қаңтарда Израильмен кездеседі.

Ал А тобында Нидерланды, Италия, Франция және Словакия құрамалары сайысқа түседі.

Одан кейінгі күндерде плей-офф кезеңі өткізіледі. Олимпиадаға екі жолдама беріледі.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы Олимпиадада екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы - 6, 2004 жылы - 8 орын алды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай