Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Су тасқыны: Қазақстанда 46 үй мен 67 жолды су басқан

2021 жылдың 15 сәуір 2021 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағлайлар министрі Юрий Ильин елімізде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайын тұрақты деп айтуға болады. Ауа райының күрт жылуынан су тасқыны қаупі басталған сәттен бері 46 тұрғын үйді су басты. Өңірлер бойынша Қостанай облысында – 39, Ақмола облысында – 5, Шығыс Қазақстанда – 1 және Нұр-Сұлтанда 1 тұрғын үйге су кірген. Үй ішіндегі су деңгейі 10-15 саниметр деңгейінде болғандықтан, барлық жерде су сорғылау жұмыстары жүргізілген. Тұрғындар біртіндеп оралып жатыр. Жағдайды тексерген соң, жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу туралы шешім қабылдайды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, елімізде облыстық және аудандық маңызы бар 67 автожолға су жайылған. Ақмола облысында – 33, Солтүстік Қазақстанда – 10, Қостанайда – 9, Қарағанды облысында – 8, Шығыс Қазақстанда – 2, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарында 1 автожолды су басқан.

Министрліктің хабарлауынша, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ бөлімшелерінің күшімен Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 172 775 текше метр еріген қар суы сорылды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 455,9 м су өткізу арналары мен арықтар тазартылды. Ақмола және Қостанай облыстарында инертті материалдар салынған 2900 қап төселді. Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 39,2 млн текше метр қар шығарды.


Жоғары қарай