Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Су тасқыны: Роман Скляр елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады

2021 жылдың 13 сәуір 2021 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр,​ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев​ елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшу барысында 42-разъезд, Қажымұқан, Қоянды, Талапкер, Қараөткел, Жібек жолы, Қосшы, Тайтөбе, Қызылжар елді мекендерінің аумақтарына аэровизуалды барлау жүргізілді. Астана су қоймасы мен Нұра өзені арнасының бойындағы Преображенск су торабының жағдайы тексерілді.





Бақылау кезінде қардың еру процесі тұрақты жүріп жатқаны байқалды. Су шайған аймақтар жоқ. Тәулік бойы жерден және жер серігі арқылы қашықтан зондтау мониторингін жүргізу жалғасуда. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір өзен аумақтарында сең жүру үдерісі басталды.








Жоғары қарай