Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Су үнемдеу технологиясын қолданатын шаруаларға басымдық беріледі

2022 жылдың 24 мамыр 2022 11:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Суармалы егіншілікті дамыту суарудың су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Мәселен шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында заманауи суару жүйесін сатып алуға және қажетті бүкіл инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың 50% өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау бар. Бұл мақсаттар үшін облыстардың өтінімдері бойынша биыл 268 жоба іске асырылады, оған 16,6 млрд теңге көзделген», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметінің құны субсидияланып жатыр.

Онда судың бір текше метріне бөлінетін субсидия мөлшері тарифтерден пайыздық қатынаста 50%-дан 80%-ға дейін арзандатылады.

Бұл мақсатқа 2,7 млрд теңге көзделген.

«Фермерлерді су үнемдеу технологиясын енгізуге ынталандыру үшін қазір су беру қызметін өтеу жөніндегі субсидияны суару тәсілдеріне қарай саралау жұмысы жүріп жатыр. Яғни бұрынғы деңгейдегі субсидияны су үнемдеу технологиясын қолданатын фермерлер ғана алады», - деді Ербол Қарашөкеев.


Жоғары қарай