Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Судьяға кандидаттың қаншасы біліктілік емтиханын тапсыра алмады

2019 жылдың 18 қазан 2019 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі, Жоғарғы сот судьясы Нұржан Жолдасбеков судья лауазымына арналған біліктілік емтиханының жаңа форматын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әділдік пен сенім деңгейін арттыру үшін біліктілік комиссиясының құрамы да жаңартылып, оған судьялар, академиялық және заңгерлік қоғамдастық өкілдерімен қатар шетелдік сарапшылар, HR-менеджмент саласының мамандары кірді. Бұған қоса, алғаш рет біліктілік комиссиясының төрағасы ретінде мемлекеттік емес заңгерлік сектордың өкілі сайланды», - деді ол «Сот жүйесіндегі кадрлық саясаттың болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеу нәтижелеріне шағымдану, эссе жазу, кейстік тапсырмалар шешу мен әңгімелесу мүмкіншіліктері қарастырылған.

«Жаңа әдістерді енгізу нәтижесінде біліктілік емтиханы бүгінде барынша қатаң іріктеу сүзгіге айналды. Біліктілік деңгейі төмен болған жағдайда одан өту мүмкін емес. Мәселен, судья лауазымына біліктілік емтиханын сәтті тапсырып шығатын тұлғалардың саны айтарлықтай қысқарды. Мәселен, 2017-2018 жылдары ескі форматпен біліктілік емтиханын 314 тұлғаның 93-і тапсыра алған. Ал 2018 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылғы қазан аралығында 303 адам жаңартылған тәртіппен тапсырып, тек 13-і ғана өте алды», - деді Н.Жолдасбеков.

Жоғары қарай