Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Судьяларға ақпараттық қысым күн өткен сайын артып келеді - Жоғарғы сот

2020 жылдың 23 қазан 2020 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Судьяларға ақпараттық қысым күн өткен сайын көбейіп келеді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл, бүгінгі күн тәртібіндегі өте өзекті мәселе. Оны Президенттің өз ауызынан естігенімізге қуаныштымыз. Шын мәнінде, судьяларға ақпараттық қысым күн өткен сайын көбейіп келеді. Әсіресе, заңды білмейтін, «түймедейді түйедей қылатын» блогерлер тарапынан бар. Өкінішке орай, кейбір кәсіби адвокаттардың өзі сот үкімі шықпай, процесс аяқталмай жатып шешімдерін халыққа таңып жатады. Судьянікі дұрыс деп шығатындарды да байқап отырмыз. Әрине, мұның бәрі заңға қайшы», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, еліміздің Конституциясында нақты істерді қарау кезінде судья тәуелсіз және оған ешкімнің құқығы жоқ екендігі жазылған.

«Мұндай араласу болған жағдайда заңымызда шара қолданылатындығы көрсетілген. Бірақ, бұл заң әзірге әлсіз болып тұрған сияқты. Азаматтардың сөз бостандығын жақсы түсінеміз. Алайда, сөз бостандығын желеу қылып, судьялардың тәуелсіздігіне қол сұғуға болмайды», - деді Айдос Сәдуақасов.

ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жиі қысымға ұшырайтындығын айтқан еді.


Жоғары қарай