Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Суға кеткендердің 70 пайызы жүзе білетін - Владимир Беккер

2019 жылдың 30 шілде 2019 20:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер адамдардың суға кету статистикасына қатысты өз зерттеуімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Суда ажал құшқан барлық адамдарға қатысты статистиканы жүргізуді бастадық. Осы орайда талдау жасап, бұл қайғылы оқиғалардың себебін анықтау керек болды. Бұл тұрғыда «суға батқан адамдардың қаншасы жүзе алды?» деген сауал бойынша талдау жасалды. Нәтижесінде судан ажал құшқан адамдардың жалпы санынан 70 пайызы жүзе білетіні анықталды. Осы жағдайда адамдар өздерінің шамасын дұрыс бағаламайтыны өкінішті», - деді В. Беккер баспасөз мәслихатында.

Оның пайымынша, табиғатқа демалу үшін барғандар көбіне су мен оттан болатын қатерді жете түсінбейді.

«Судан қорыққанның еш ұяты жоқ, өйткені терең көлдер мен су қоймаларында нақты қатер бар. Өз шамасын дұрыс бағаламайтындар осыдан зардап шегіп жатады», - деді ТЖК басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шомылу маусымы басталғалы бері 214 адам суға батты, соның 75-і – балалар. Бұл тұрғыда 198 адам шомылуға арналмаған жерде ажал құшқан.


Жоғары қарай