Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Суға шомылу маусымы: өзіңізді, балаларыңызды қалай қауіпсіздендіру керек, астанада суға түсетін орындар

2021 жылдың 30 мамыр 2021 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусымда дәстүрлі түрде суға шомылу маусымы басталмақ. Соған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ бойынша азаматтық қорғаныс департаментінің басқарма басшысы Ратбек Демеуберген астанада қай жерлерде суға түсуге болатыны, өзіңіз бен балаларыңызды қалай қауіпсіздендіру керек екені туралы еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басталғалы тұрған суға шомылу маусымына байланысты келесі жұмыстар атқарылуда. Департаменттің күштері мен құралдары дайын тұр. Суға шомылу маусымына дайындық кезінде қала әкімдігі және полиция департаментімен бекітілген жоспарлар әзірленді. Сонымен қатар біз күшейтілген профилактикалық жұмыс жүргізудеміз. Атап айтқанда, адамдардың суда қайтыс болуын болдырмау туралы бейнероликтер шығардық, қоғамдық көліктерде адамдардың қауіпсіздігі туралы жадынама ілдік. Қазір, суға шомылу маусымының алдында 90 тыйым белгісін, суға түсуге тыйым салынған жерлер белгіленген 30 ақпараттық стенд қоямыз», - деді майор Демеуберген.

Оның айтуынша, күнделікті рейдтер жүргізіледі. Өткен аптаның өзінде олар 250 жадынама таратып, 12 әкімшілік хаттама құрастырған. Жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылған.

«Осы бағытта жұмыс күшейтіледі», - деп сендірді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ бойынша азаматтық қорғаныс департаментінің басқарма басшысы.

Суға шомылу маусымының басына дейін астана әкімдігінің қаулысымен суға түсуге рұқсат етілген орындар анықталды: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс орындары.

Одан бөлек, 20 суға түсуге тыйым салынған жерді бекіту туралы мәселе талқылануда.

Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін астаналық ТЖД мектептермен белсенді жұмыс жасауда, түрлі онлайн вебинарлар өткізуде, балалардың өлімін болдырмау бойынша кітапшалар ұсынуда.

«Суға шомылу маусымы әлі басталған жоқ, дегенмен қазірдің өзінде екі адам өлімі болды: ер адам және 14 жасар бала. Сондықтан астана тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, суға түсуге тыйым салынған жерлерге бармауға шақырамын, сонымен қатар мас күйде суға түспеуге, су қоймаларында болудың қарапайым талаптарын орындауға кеңес береміз», - деді Ратбек Демеуберген.

Ол ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салды. Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.


Жоғары қарай