Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне әкімшілік іс қозғау құқығы берілді

2021 жылдың 21 мамыр 2021 21:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 сәуірден бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің кейінірек соттар қарайтын 15-бабы бойынша хаттамалар жасау арқылы әкімшілік іс қозғау құқығы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 6 сыбайлас жемқорлық баптары (ӘҚБтК 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы 2 құрам және (ӘҚБтК 154, 173-баптары) мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық процес жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты 7 құқықбұзушылық (ӘҚБтК 658-662, 665, 667-баптары) бар», - делінген агенттік хабарламасында.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 17 мамырдағы жағдай бойынша 42 әкімшілік хаттама жасалған, оның ішінде 34 хаттама сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға байланысты. Олардың арасында: 676-бап - «Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі» бойынша 14 іс, 681-бап - «Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау» бойынша 10 іс бар.

Одан бөлек, 677-бап - «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы» және 680-бап «мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы» да бар.

Оның ішінде 6 Сыбайлас жемқорлық бабы (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары) бойынша

41 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5-еуі облыстық маңызы бар басшылар, үшеуі - аудандық және біреуі – қалалық басшы.

Көп жағдайда әкімшілік жауапқа жергілікті атқарушы органдардың - 19, сондай-ақ мемлекеттік органдардың – 6 және құқық қорғау органдарының –1 қызметкері мен жұмыскерлері тартылды.

«Мысалы, ӘҚБтК-нің 681-бабына сәйкес бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері бойынша Батыс Қазақстан облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Есендияров, Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Ғабдуллин, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Якен әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бәріне 50-ден 100 АЕК-ке дейін әкімшілік жаза тағайындалды», - деп хабарлады агенттік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік материалдары бойынша, жалпы 159,2 млн теңге айыппұл салынған, 154,3 млн теңге өндірілген.


Жоғары қарай