Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сыр өңірінің волонтерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

2020 жылдың 6 қазан 2020 17:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде дәрігерлер, меценаттар мен волонтерлер, әскери қызметшілер, БАҚ саласының өкілдері халыққа жан-жақты көмек көрсетті. Оның ішінде халық игілігіне қызмет еткен «Сыр волонтерлерінің» қызметі ерекше.

Жыл басынан бері Сыр волонтерлерінің көмегімен өңірімізде 8 451 мұқтаж отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 4 870 отбасының мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары табыс етілді.

Сондай-ақ, Құрбан айт кезінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің үйлестіруімен Қызылорда қаласында - 3 830, аудандар бойынша - 3 431 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.





«Хикмет» қайырымдылық қорының демеушілігімен 1 000 отбасына азық-түлік түріндегі көмек берілді. Бұл шараларға меценаттар, мешіт қызметкерлері мен автоволонтерлер жұмылдырылды.

«Мың алғыс!» акциясы аясында 255 медицина қызметкерінің отбасы азық-түлік өнімдерімен, ауруханаларда үздіксіз еңбек еткен 1 700 медицина қызметкері ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Көмек ретінде 72 оттегі баллоны ауруханаларға жеткізілді. Акцияға өңірімізден 88 волонтер мен 25 автоволонтер жұмылдырылды.

Сын сағатта волонтерлік қызмет атқарған азаматтарға, азаматтық қоғам белсенділеріне алғыс айтылып, оларға «Халық алғысы» медалі және облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.








Басты сөздер: Волонтер, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай