Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Сырдария суы «Далдабай» және «Қызылтам» ауылдары арасындағы жолды басып қалды

2018 жылдың 22 наурыз 2018 20:08

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 21 наурызында Сырдария өзенінде сеңнің тұрып қалуы салдарынан арнасынан асқан су Жалағаш ауданы «Далдабай» және Қармақшы ауданы «Қызылтам» елді мекендері арасындағы облыстық маңызы бар жолды басып қалды, деп хабарлайды тілшісі.

Көлік қозғалысы тоқтатылды, жергілікті полиция қызметі күшімен бекет қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды.

ТЖД бөлімшелерінің күшімен (15 адам, 2 бірлік техника) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп (70 адам, 5 бірлік техника) ұзындығы 400 метр автожол бойында жолды топырақпен бекіту жұмысы жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар су асып кетпеу үшін бөгет жасауға 100 тоннаға жуық инертті материал әкеліп, 2500 дана қап топырақ салды.

21 наурызында 18 сағат 30 минутта судың арнасынан асуы тоқтады. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Өзендегі судың деңгейі төмендеді, сең жүріп жатыр.

ТЖД қызметкерлерінің күшімен мұздың өтуіне мониторинг жүргізілуде.

Жоғары қарай