Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Túrkistan» газетінің Atajurt жобасы таныстырылды

2020 жылдың 23 қазан 2020 18:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Túrkistan» халықаралық газетінің «Atajurt» айдарын таныстыру және алыстағы ағайынмен рухани-мәдени, ақпараттық байланыс орнату мақсатында бүгін шетелдегі қандастарымызбен онлайн конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Тúrkistan» халықаралық газеті бірлесе отырып ұйымдастырған шараға Швеция, Түркия, Германия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Моңғолия және тағы да басқа алыс-жақын шет елдердегі қазақ мәдени ұйымдары мен орталықтарының басшылары, диаспора өкілдері қатысты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсінбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс істеу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, «Отандастар қоры» вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Túrkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.

Қандастарымыз алдағы уақытта газет ұжымымен тығыз байланыс орнатып, ақпарат алмасуға мүмкіндік туғанына қуанышты екендерін айтып, атамекендеріне, қандастарға деген лебіздерін жеткізді. Газеттің жұмысына табыс тілеп, пікірлерімен бөлісті.

Алыс-жақын шет елдегі және елге оралған қандастардың тыныс-тіршілігін таныстыру мақсатында ашылған «Atajurt» жобасы 1 жылға жуық уақыт бойы отандастардың жетістіктерін жариялап, түрлі мәселелерінің шешілуіне атсалысып келеді. Жоба әрі қарай да жалғасын таппақ.


Жоғары қарай