Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Таэквондо: үш қазақстандық Гран-при турнирінің финалына қатысады

2019 жылдың 20 қараша 2019 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6-7 желтоқсанда Мәскеудеболатын таэвондодан Гран-при турнирінің финалдық сайысы өтеді. Оған үш қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Айта кетейік, Гран-при турнирінің финалына рейтингтегі үздіктер қатарына енген таэвондошылар қатысады.

Олимпиада рейтингіне сәйкес, Жансел Дениз бен Смайыл Дүйсебай ақтық сайысқа жолдама алды. Өз кезегінде Руслан Жапаров турнир сайысына Бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңіске жеткеннен кейін кірген.

«Біздің екі спортшы Мәскеудегі турнирде олимпиадаға жолдама алуы мүмкін. Атап айтқанда, Жапаров пен Дүйсебайдың мүмкіндігі жоғары», - деп түсіндірді команданың бас бапкері Батырбек Есдәулетов.

Басты сөздер: Спорт, Ресей,
Жоғары қарай