Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 00:20

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының мүшесі, таеквондошы Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жақында Ыстанбұл қаласында таеквондодан «WT President' s Cup Europe» халықаралық рейтинг турнирі өткен.

«Бұл турнирге таеквондодан Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты. Соның бірі – Жансель Дениз. Әйелдер арасындағы сайыста 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, алтын медальға ие болды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық кикбоксшы әлем кубогін екінші рет иеленгенін хабарлаған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай