Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

2021 жылдың 18 қазан 2021 19:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16-17 қазанда Черногорияның астанасы – Подгорицада «Montenegro Podgorica Open 2021» халықаралық турнирі өткен.

«Халықаралық G-1 деңгейіндегі рейтинг турниріне әлем елдерінен 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған таеквондошылар қатарында Жансель Дениз де бар. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Алдымен Молдова, кейін Бразилия споршысын қапы қалдырды. Ақтық сында Түркия таеквондошысымен кездесті. Қосымша раундта қарсыласын 2:0 есебімен жеңген отандасымыз турнирдің жеңімпазы атанып, алтын медальды иеленді», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, қыркүйек айының соңында Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай