
Еліміздің тарихи оқиғаларын әлемге насихаттаудың маңызы зор - сенатор
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында ел тәуелсіздігіндегі келелі мәселелерге жан-жақты талдау жасалған. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің Ұлттық Кеңес барысында көтерген бастамасы жүзеге асты - Қарин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Асылбек Қожахметов халықтың сенімін қалай арттыруға болатынын айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» атты халықаралық конференция барысында әлемдегі және Қазақстандағы қоғамдық сенімнің рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Қарин сайлау жайында: Президент бастамалары жүзеге аса бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізіміне 30 пайыздық квота енгізу туралы бастамасы жүзеге асырыла бастады. Мұндай пікірді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Қарин: Президенттік кадр резервінен 164 адам мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Президенттік жастар кадр резервінен 164 адам мемлекеттік басқару жүйесінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Қарин жүргізушіден бірнеше құжатты талап етпейтін заң жобасына қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Мәжілісте талқыланған жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін жауапкершіліктен босататын заң жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айман Омарова «Халық үні» жобасы бастау алған Шығыстағы Абай ауданы халқының проблемаларын атады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Altyn Qyran» және «Human Rights Lawyers» қорларының қолдауымен басталған «Халық үні» жобасының тұсаукесері жақында хакім Абайдың киелі топырағында өтті. Жалпы бұл қандай жоба? Ол жобаны кімдер жүргізеді? Бұл бастаманың мақсаты қандай? Жоба ауылдағы қарапайым жұртшылықтың проблемаларын шеше ала ма? Міне осы сұрақтарды жобаны бастаған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы Айман Омароваға қойып көрген едік.

Қандастар қонысы арқасында Ольгино ауылында қазақ мектебі ашылды – Болат Жұмаділұлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында көші-қон тақырыбына арнайы тоқталған еді. Президент шетелде туып-өскен қазақтардың барлығы тарихи отанын мақтан тұтатынын, олардың елге келіп орнығуына барынша жағдай жасау керектігіне назар аударды.

Ұлттық кеңес отырысында Президент қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерді - Айгуль Соловьева
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы қоғамда көтеріліп жүрген мәселелерге ерекше назар аударды. Бұл туралы Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдерде директорлар кеңесінің шешіміне ықпал ету мүмкіндігі артады - Раушан Сәрсембаева
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының басшысы Раушан Сәрсембаева Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында әйелдерді лауазымды қызметке тартуға қатысты айтылған ұсыныстарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лаззат Рамазанова: Президент тапсырмасы – әйелдер үшін қосымша әлеуметтік лифт
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының квазимемлекеттік сектордың басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесін арттыру туралы тапсырмасы жақсы әлеуметтік лифт болады. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова комиссияның кеңейтілген кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Ұлттық кеңестің билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналғанын және оның мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай