
Нұр-Сұлтанда Абай туралы кітаптың таныстырылымы өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев туралы «Абайдың ұлылығы немесе XXI ғасырда ойшылдың портретін жасауға талпыныс» кітабының тұсаукесері өтті. ҚазАқпарат бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңа Қазақстанның» бағдары Абай философиясымен толық үндеседі – Ерлан Қошанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жаңа Қазақстанның» азаматы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуы керек. Демек, Президенттің көзқарасы ұлы ойшылдың философиясымен толық үндеседі. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей жұртшылығымен кездесуден бастаған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Абайға ескерткіш қойылған әлем елдерін велосипедпен араламақпын – алматылық саяхатшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әуесқой саяхатшы Дамир Кушеев қазақтың ұлы ақыны Абайға ескерткіш қойылған әлем елдерін велосипедпен аралап өтпек. 35 жастағы алматылық азамат ақынның құрметіне арналған әлемдік сапары туралы жоспарымен ҚазАқпарат тілшісімен бөліскен еді.
Президент Телерадиокешені «Абайдың қара сөздері» киножобасын түсіріп бітті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 сериялы «Абайдың қара сөздері» фильмінің түсірілімі аяқталды. Абайдың 175 жылдығына арналған киножобаны ҚР ПрезидентініңТелерадиокешені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай